1000000Астана 2017 жылғы 20-21 қыркүйек Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің базасында АИТВ-инфекциясының парентеральды таралу жолдарының алдын алу аясында Астана Медициналық университеті студенттер қатарынан еріктілер үшін семинар – тренинг өткізілді. Семинарды ұйымдастыруға Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, Астана қаласының наркология және психотерапия орталығы, «Болашаққа қадам» қоғамдық үкіметтік емес ұйымдар, «Әлем» еріктілер орталығы, «Астана Медициналық университеті» АҚ қатысты.

Департамент басшысының орынбасары А.С.Бейсенова сөз сөйледі. Семинар – тренинг модераторы «Болашаққа қадам» қоғамдық қорының өкілі А. Нұрмағамбетова болды. Семинар – тернинга бағдарламасына Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер – эпидемиологы Ж.М. Баяндинова, Астана қаласының наркология және психотерапия орталығының дәрігер-наркологы Т.Т. Қойшыбеков қатысты. Тренингтің мақсаты жастар арасынан тең консультанттарды дайындау және АИТВ - инфекциясы мен нашақорлық мәселелері бойынша олонтерлік қозғалысты дамыту болып табылады.
Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.

200000

4000000

 30000