DSC003472017 жылы 6 қазанда Астана қаласының ЖИТС орталығына францияның ЖИТС және вирустық гепатиттерді зерттеу бойынша Ұлттық агенттігінің өкілдері келді.Кездесудің мақсаты – ЖИТС орталығының ТОТ және АИТВ жұқтырғандар арасында алдын алу жұмысымен, диагностика және емімен танысу.

Кездесу барысында, қонақтардың назарына Астана қаласындағы АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы бойынша бірнеше презентациялар көрсетумен, дөңгелек үстел өткізілді. Қызығушылық туғызатын сұрақтар бойынша екі жақ мамандары пікір алмасты. Қонақтар алдын алу жұмыс жөнінде тәжірибе алмасу қажеттігін, ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіріп, ЖИТС орталығының алдын алу жұмысының ұйымдастыруы жоғары деңгейде екенін бағалады.

DSC00307

 DSC00369

 DSC00348