АИТВ және вирусты гепатиттер саласындағы француз Ұлттық зерттеу агенттігі делегациясы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінде қабылдауда болды. Делегацияның елімізге келу мақсаты – ДДҰ «90-90-90» мақсаттарына қол жеткізу бойынша тәжірибе алмасу, АИТВ-инфекциясын жұқтыру мерзімін анықтау және одан әрі бірлескен жобаларда тығыз жұмыс атқаруға ат салысу.