2017 жылғы 20 қазанда «Н=Н» ақпараттық акциясы шегінде Астана қалалық ЖИТС орталығында Назарбаев Университетінің 30 магистранты болды.
Кездесу барысында орталық мамандары 2017 жылдың 16 қазаны мен 01 желтоқсан аралығында өтетін кампанияның мақсаты жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ, АРВ-терапияны қабылдайтын және қанда вирустың анықталмайтын деңгейіне дейін төмендеген адамдар жұқпаны басқа адамдарға жұқтыра алмайтындығын атап кетті.
Соңында, қалалық ЖИТС орталығы барлығын осы кампанияға ат салысуға шақырды.