2017 жылы 28 қазанда Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің ұйымдастыруымен, қаланың ЖИТС орталығы және қалалық емханалардың қатысуымен, «Астана су арнасы» АҚ-ның жұмысшыларына «АИТВ-ға тестілеуден өт» акция өтті.
Акция шегінде, «Астана су арнасы» АҚ-да «Денсаулық қалашығы» ашылды. Осында бірнеше сағат бойы дерматовенеролог, онколог, кардиолог, эндокринолог және психолог дәрігерлері тегін қабылдау жүргізді. Олар келушілерге дұрыс тамақтану, ауруларды ерте анықтау және алдын алу сұрақтары бойынша кеңес берді. Қалағандар АИТВ жұқпасын, дене салмағының индексін, бой мен салмағын, қан қысымын анықтай алды.
Акция кезінде АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша кеңес алған және тестілеуден өткен - 35 адам.