IMG 8164

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында 2017 жылғы 13-14 қарашада ЖИТС орталығы мамандары Астана қаласының теміржол вокзалында тұрғындарға арнап «АИТВ-инфекциясына жедел тесттен өт!» акциясын өткізді.

Акцияның басты мақсаты – АИТВ-инфекциясының мәселесіне жұртшылық назарын аудару, жолаушыларды және теміржол вокзалының қызметкерлерін АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу шараларымен таныстыру. 

Акция барысында ЖИТС орталығының мамандары Ж.Айтмағанбетқызы, Д.Бексұлтанова және К.Арыстанбекова Астана қаласы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалын, алдын алу шараларын және қорғаныш тәсілдерін әңгіме және диалог түрінде айтып берді.
Жолаушылар қатарынан ниет білдіргендер АИТВ-инфекциясына жасырын және тегін экспресс-тесттен өтті. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Іс-шарамен барлығы 400-ге жуық адам қамтылып, АИТВ-инфекциясына тесттен 200-ге жуық адам өтті.

DSC00390

DSC00395