DSC00464

2017 жылы 20 қарашада Елдік үйлестіру комитетінің (бұдан әрі - ЕҮК) қадағалау комитеті мүшелері Астана қаласының ЖИТС орталығында іс-сапармен болды. 

Іс-сапардың мақсаты – алдыңғы іс-сапарлар қорытындысы бойынша ЕҮК қадағалау комитетінің ұсыныстарын іске асыру барысын бағалау. ЕҮК төрағасының орынбасары мен Қазақстандағы UNAIDS филиалының директоры А.Голиусовпен кездесу барысында АИТВ індетіне қарсы тұру және алдын алу шараларының тұрақтылығы бойынша қабылданып жатқан шаралардың оң нәтижелері туралы сөз қозғалды. ЖИТС орталығының бас дәрігері С.Абдраимов одан әрі де АИТВ-ң алдын алу, емдеу және диагностикасы бойынша стратегиялық іс-шараларды жүргізуге дайын екендігі туралы айтты. Қатысушылар одан әрі ынтымақтастық пен біріккен жобалардың қатарын жүзеге асыру мүмкіндігі туралы келісімге келді.Сапар барысында ЕҮК мүшелері ҚАЖД медицина қызметінің басшысымен, аутрич-қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, сонымен қатар жаңа Сенім пунктіне барды.

DSC00454