Нұр-Сұлтан қаласында ҮЕҰ өкілдерімен кеңес өтті
2020 жылдың 18 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында «Болашаққа қадам» ҚҚ, «Human Health Institute» ҚБ, «Жария «халықаралық орталығы» ҚҚ және «Жизнь вопреки» үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен кеңес өтті. Жиналыста қатысушылар халықтың негізгі топтарының арасында жүргізілетін алдын алу шараларын іске асыру бойынша, қалыптасқан проблемалық мәселелерді, сондай-ақ 90-90-90 мақсатына жету шараларын талқылады.
Нұр-Сұлтан қаласында еріктілердің фронт-кеңсесінің ашылуы
2020 жылдың 12 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында еріктілердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер жылы аясында республикалық фронт-кеңсесін ресми түрде іске қосты. Фронт-кеңсенің ашылу барысында «QAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформаның, сондай-ақ волонтерлықтың 7 салалық бағыттары бойынша: «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Salyq» алаңдарының жұмысы таныстырылды.
Қазақстанға АИТВ індетін бақылау бойынша бірегей ақпараттық жүйе берілді
2020 жылдың 30 қаңтарында Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығында Орталық Азиядағы АИТВ бойынша USAID «Флагман» жобасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығына халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының індетін бақылау бойынша үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарға арналған ақпараттық жүйені тапсырды.
Нұр-Сұлтан қ. ЖИТС орталығындағы Медициналық кеңес
2020 жылдың 24 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында 2019 жылдың қорытындысы бойынша Медициналық кеңес отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының «Әсем» базарындағы акция
2020 жылдың 15 қаңтарында «Болашаққа қадам» акциясы аясында ЖИТС орталығының дәрігерлері Сарыарқа ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының және Нұр-Сұлтан қ. №2 қалалық емханасының мамандарымен бірлесе отырып, «Әсем» базарында базар қызметкерлері мен елорда тұрғындары үшін акция өткізді.