2021 жылдың 08 - 09 ақпан аралығында ЖИТС орталығының маманы «Астана Теплотранзит» АҚ, «К-ДорСтрой» АҚ, «Мехколонна 56» ЖШС кәсіпорындарының қызметкерлеріне дәрістер өткізді.
Аталған іс-шара кәсіпорын қызметкерлерінің АИТВ жұқпасының алдын алу мәселелері жөніндегі ақпараттық деңгейлерін арттыруға және қауіпсіз жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған. Барлығына ақпараттық-білім беру материалдары және жеке қорғаныс құралдары таратылды.