Жиынның негізгі мақсаты халықтың осал топтары арасында АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету мәселелері бойынша қарым-қатынасты нығайту және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу болып табылады.
Сондай-ақ жиынға қатысушылар халықтың осал топтарына достық кабинеттерінде емдік-профилактикалық шараларды жүргізу, қарым-қатынасқа дейінгі және кейінгі профилактика жайлы кеңес беру жолдары жайлы, аутрич қызметкерлерінің жүктемесін талқылады.
Жиын қорытындысы бойынша екі жақтың оң тұжырымды өзара әрекеттестігі байқалды, сондай-ақ АИТВ таралуының алдын алуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі күшейту және орын алған кемшіліктерді жою туралы шешім қабылданды.