Ұжыммен әңгімелесу барысында Б.Ә.Әлімғазина «Nur Otan»партиясының XXI съезінде айтылған негізгі міндеттер мен мақсаттарды түсіндірді. Ол партия құрылымының ұсынылып отырған реформаларына, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелеріне тоқталды.
Кездесу барысында партия өкілі қатысушыларды мұқият тыңдап, барлық сұрақтарға жауап берді.
Ең маңыздысы әлеуметтік сипаттағы мәселелер – жас мамандарға арналған тұрғын үй, шұғыл уақытта автобустардың жүктелуі, медициналық ұйымдардың жанындағы жылы аялдамалар және т. б.
Б.Ә.Әлімғазина орталық ұжымына Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтау ісінде шығармашылық табыс тіледі.