Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығын медициналық жабдықтандыру мәселесі ерекше бақылауда. Себебі, медициналық көмек көрсету кезіндегі диагностикалық қызметтердің сапасы персоналдың біліктілігі мен кәсібилігімен қатар, заманауи, автоматтандырылған зертханалық жабдықтармен жабдықталуына байланысты. Біздің зертхана номенклатураға сәйкес зерттеудің 15 түрін жүргізеді. Зертханалық зерттеулердің негізгі бөлігін иммуноферменттік талдаулар құрайды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 400 мыңнан астам ИФТ зерттеулер орындалды. Аналитикалық процесстің мұндай өнімділігі мен сапасын 3 автоматтандырылған ИФТ анализатордарының және 1 ИХЛТ анализаторының жұмысымен қамтамасыз етіледі.
ЖИТС орталығының дәрігерлерінде Cobas 4800 заманауи модульдік жүйесінің көмегімен АИТВ-инфекциясының антиретровирустық терапиясының тиімділігіне вирусологиялық мониторинг жүргізу мүмкіндігі бар. ПТР зерттеулеріне арналған бұл модульдік жүйе сынама дайындауды, амплификация мен анықтауды толық автоматтандырылған, сондай-ақ жұмысқа ыңғайлы бағдарламалық жасақтаманы біріктіреді. Амплификация және анықтау интеграцияланған мүмкіндіктері бар, өнімділігі мен жылдамдығы жоғары «нақты уақыт» әдісімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жүйеде үлгілердің контаминациясын болдырмауға арналған бірнеше қорғаныс механизмдері бар, бұл ПТР зерттеулерінде өте маңызды. Cobas 4800 біздің зертханада 2019 жылдан бастап ТМД елдерінің ЖИТС орталықтарының арасында бірінші болып орнатылғанын атап өту қажет.
Сондай-ақ, зертхана заманауи цитофлуориметрмен жабдықталған. BD FACSCount ағындық цитофлуориметр - АИТВ-дағы жасушалық иммунитетті бақылауға арналған кешенді жүйе. Реагенттер мен бақылаулардың арнайы желісі оператордың қатысуынсыз CD4+ және CD8+ Т-лимфоциттерді автоматты түрде есептеуді және сандық анықтауды жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зертхана гематологиялық, биохимиялық анализаторлармен, жаңа фотометрлермен, CD4-жасушаларды абсолютті және салыстырмалы есептеуге арналған портативті анализатормен және басқалармен жабдықталған.
Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының жоспарында зертхана қызметін одан әрі жетілдіру, зертханалық жабдықтар паркін заманауи автоматтандырылған станциялармен жабдықтау, тұрақты түрде мамандарды, көп деңгейлі даярлау, сондай-ақ инновациялық технологиялар мен әдістемелерді енгізу бар.
Жетістіктердің бірі-зертханалық ақпараттық жүйенің (LIS) енгізілуі. Бұл жүйе ЖИТС орталығының зертханасы үшін дербес әзірленген және біздің зертханамыздың жұмыс ерекшелігіне барынша бейімделген, бұл кейіннен әзірлеушілерге басқа ЖИТС орталықтарына енгізуге мүмкіндік берді. Жүйе енгізілгеннен кейін әртүрлі процестер автоматтандырылды, зертхана мамандары зертхананың жұмысын және зертханалық талдау нәтижелерінің сапасын жақсартатын шешімдер қабылдау үшін олардың қызметінің барлық аспектілері бойынша жүйелі ақпаратқа қол жеткізе алады. Ақпараттық жүйе барлық құрылғылар мен зертхананың автоматтандырылған жұмыс орындарын біріктіреді, қателіктерден сақтайды. Осы процесті ақпараттандыру және цифрландыру пациенттердің АИТВ-ға нәтиже алу мерзімдерін 3 күннен 1 күнге дейін қысқартуды қамтамасыз етті, өйткені зерттеуге тапсырыс берушілер (емханалар, стационарлар, жеке клиникалар) зерттеу нәтижесін онлайн-режимде алады. Екінші жағынан, жүйе қызметкерлерге материалдарды қолмен басқаруға және жауаптарды сұрыптауға жүгінбей, автоматтандырылған режимде анализаторларға тапсырыс беруге және олардан зерттеу нәтижелерін алуға мүмкіндік береді.