2022 жылдың 10 наурызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК негізінде Жастар денсаулық орталықтары қызметкерлеріне арналған «Жастар денсаулық орталықтары. Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері, мінез-құлық ерекшеліктері. Кеңес берудің жалпы принциптері» тақырыбына семинар өткізілді. Нұр-Сұлтанда қалалық емханаларда 14 АӘК (жастар денсаулығы орталығы) бар.
Аталған семинарда эпидқадағалау бөлімінің меңгерушісі И.Б. Аймагамбетовамен, дәрігер-эпидемиолог Б.К. Култановамен АМСК деңгейіндегі Жастар денсаулық орталықтарының жұмысы, АМСК қызметінің қағидаттары мен негізгі бағыттары туралы материал
ұсынылды, сондай-ақ жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері, мінез-құлық ерекшеліктері, әсіресе жасөспірімдерге АИТВ-инфекциясы бойынша кеңес беру, кеңес берудің жалпы принциптері, кеңес беру кезеңдері, консультантқа қатысты ережелер және қажетті дағдылар туралы сұрақтар қарастырылады.
Семинар соңында ұйымдастырушылармен жасөспірімдер мен жастар арасында кеңес беру бойынша оқу фильмі ұсынылды және АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.