2022 жылдың 11 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК базасында АМСК басшыларының орынбасарлары, медициналық ұйымдардың АИТВ-инфекциясына жауапты мамандары мен эпидемиологтарына, медициналық ұйымдарда АИТВ-ға қан сынамаларын алу ережелерін сақтау мәселелері жөнінде семинар өткізілді. Семинар барысында ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 қаңтардағы №ҚР ДСМ-6 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен таныстырылды.
Семинарда ҚР мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы, АМСК аясында клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру кезінде кодтау ұсынылды. АИТВ-ға зерттеу үшін медициналық ұйымдарда биоматериалдарды алу, АИТВ-инфекциясына тестілеу кезінде медицина қызметкерлерінің қателіктері мен дәлсіздіктер қаралды, сондай-ақ ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 қаңтардағы № ҚР ДСМ-6 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығымен таныстырылды. Семинар соңында ұйымдастырушылар АИТВ - инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық – білім беру материалдарын таратты. Семинарға 34 медицина қызметкері қатысты.