2022 жылғы 30 наурызда ЖИТС орталығы ұжымының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасының бас маманы Аңсағанова Әйгерім Аңсағановамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында жақында қабылданған «Қазақстан Республикасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 02.02.2022 жылғы № 802 Жарлығы туралы баяндалды.
Сондай-ақ, басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, жаңа нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар қабылдау, кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы іс-қимыл үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар кезіндегі әкімшілік айыппұлдар сомасы, жастар мен балаларды сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік рухында тәрбиелеу, заңды құрметтеу мәдениетін дамыту талқыланды.
2021 және ағымдағы жылы тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің саны және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған кезде азаматтарды ынталандыру әдістері келтірілді.