26.05.2022 жылы құқықтық жаппай оқытуды өткізу шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы Әділет Департаментінің өкілімен "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" МКҚК қызметкерлеріне арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында Нұр-сұлтан қаласы Әділет департаментінің бас маманы Нұрсұлтан Ыбырай ЖИТС орталығының ұжымын бір жыл бұрын қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі ережелерімен таныстырды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің және Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің салыстырма кестесі берілді. Жаңа кодекстің ерекшеліктерін, әкімшілік процедурадағы негізгі әкімшілік ұғымдарды, әкімшілік әділет саласындағы негізгі ерекшеліктерді және т. б. түсіндірді.