2022 жылдың 27 мамырында ҚДИАҒО хаттамалық нұсқаулығына сәйкес ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Нұр –Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдардың процедуралық медбикелеріне АИТВ-ға қан сынамаларын алу ережелерін сақтау бойынша семинар өткізілді.
Іс-шара барысында дәрігер эпидемиолог З.Рахимбаеваның презентациясы ұсынылды, АИТВ-ға зерттеу үшін медициналық ұйымдардан алу ережелері бойынша. АИТВ-инфекциясына тестілеу кезінде медицина қызметкерлерінің қателіктері мен АИТВ-инфекциясына қан алу бойынша практикалық бөлігін, Lis-k-lab жүйесіне тіркеу, қағидаларын және биоматериалды тасымалдау және қабылдау бойынша практикалық бөлігін емшара кабинетінің медбикесі Л.Бейсенбина және зертханашылар А. Қанапиянов, Ж. Дуржанова ұсынды. ЖИТС орталығының мамандары қатысушылардың назарын преаналитикалық кезеңнің сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығына аударды.
Семинар соңында аталған тақырып бойынша түйткілді мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары айтылды.