04.06.2022 жылы, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында, Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында салтанатты түрде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Одан кейін ұжым жиналысы өткізіліп, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл» тақырыбында баяндама тыңдалды. Баяндамада барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметпен қарау, ұжым арасында патриоттық рух туралы айтылды.
Сондай-ақ, ЖИТС орталығының директоры С. Абдраимов қызметкерлерге 05.06.2022 жылы өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер жөніндегі республикалық референдум туралы еске салды. Ол елдегі азаматтық борыштын дұрыс таңдау қажеттігін және оның маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты жиналыстан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні аясында ұжыммен ортақ сурет жасалды.

WhatsApp Image 2022 06 06 at 09.38.16 1

WhatsApp Image 2022 06 06 at 09.38.16