2022 жылғы 19 қазанда «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК ҮЕҰ-ға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, «Пациент мектебі» қызметін іске асыру бойынша,«Жизнь Вопреки» ҚҚ-мен бірлесіп, Астана қаласының АМСК медицина қызметкерлеріне арнап АИТВ-мен өмір сүретін адамды бақылау, емдеу және стигма мен кемсітушілік құбылыстарын жою мәселелері бойынша семинар – тренингі өткізді.      

  5555

Іс-шараны директор орынбасары С.Мусина ашты, ол семинардың мақсаты туралы айтып, қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі. Одан әрі дәрігер-эпидемиолог З.Рахимбаева Астана қаласында АИТВ-инфекциясыныңэпидемиологиялық ахуалы, нормативтік-құқықтық құжаттар, сондай-ақ бекітілген халықты АИТВ-ға клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеруменқамту сұрақтарынатоқталды. Тренингті ЖИТС орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Серғалиева жалғастырды, ол қатысушыларға АИТВ/ВГ коинфекциясы бар науқастарды жүргізу ерекшеліктерін айтып берді. Тренингті«Жизнь Вопреки» ҚҚ директоры А.Мукушева АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік презентациясымен аяқтады.

         Тренингке Астана қаласының АМСК мекемелерінің инфекционист дәрігерлері, терапевтжәне жалпы практикалы дәрігерлері қатысты.

6666