2022 жылғы 8 және 9 қарашада Астана қаласына қарасты ЖШС «Поликлиника CITY» және «Емдеу 7» ЖШС-і мекемелерінде медициналық қызметкерлер арасында "Астана қаласында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы. Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу, сонымен қатар әйелдерді АИТВ-ға тестілеумен қамту" туралы семинар өткізілді.

1 1

2 1

Семинарға 22 медицина қызметкерлер қатысты. АМСК деңгейінде АИТВ инфекциясының алдын алу, жүкті әйелдерді жүктілік кезінде тестілеумен қамту мәселелері, есепке қою кезінде жүкті әйелдің жыныстық серіктестерін тексерулері және медициналық қызметкерлер арасында кәсіби сипаттағы авариялық жағдайлар кезіндегі медицина қызметкерінің тактикасы талқыланды.