Акцияға үкіметтік емес ұйымдар мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.   

БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС бойынша бірлескен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) 2022 жылдың 21 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында «Теңдік уақыты!» ұранымен бүкіл әлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясын жариялады, осы орайда Астана қаласында ЖИТС-ке қарсы күрес бойынша онкүндік жарияланды. «Бұл ақпараттық науқанның негізгі мақсаты жастардың АИТВ-инфекциясы бойынша хабардарлығын арттыру, денсаулықтарын сақтау және нығайту болып табылады, сондай-ақ осы акцияға қатысушылар өздерінің АИТВ-мәртебесін экспресс - әдіспен білуге мүмкіндік алады», - деп атап өтті АИТВ орталығы директорының орынбасары С.Мусина.

Акцияны ұйымдастырушылар әрбір қала тұрғынын АИТВ-ның алдын алу ісіне шағын болса да, өз үлесін қосуға, АИТВ-ның таралу жолдарын білуге және әрқашан АИТВ-ның алдын алу шараларын қолдануға, достарымен АИТВ туралы пайдалы ақпаратпен бөлісуге, ЖИТС-ке қарсы іс-қимылдағы қауымдастықтардың рөлін ұмытпауға шақырды.

Акция қатысушыларына белсенділігі үшін, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша қызықты ұсыныстары мен жақсы дене шынықтыру дайындығы үшін естелік сыйлықтар табыс етілді, студенттер арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Акция интерактивті Денсаулық маршруты түрінде өтті, онда қатысушылар әр пунктте АИТВ-ның алдын алу мәселелерін айтып, талқылады.

АИТВ орталығы жемісті ынтымақтастық пен осы акцияны ұйымдастыруға үлес қосқан барлық серіктестерге алғыс білдіреді.

WhatsApp Image 2022 11 29 at 16.06.03 1

WhatsApp Image 2022 11 29 at 16.06.02

WhatsApp Image 2022 11 29 at 16.06.01

WhatsApp Image 2022 11 29 at 16.06.03

WhatsApp Image 2022 11 29 at 16.06.04WhatsApp_Image_2022-11-29_at_16.06.04.jpg