2022 жылдың 30 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Әлем» сауда үйінің келушілері мен қызметкерлеріне арналған акция өтті.
Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Астана қаласы Байқоңыр ауданының СЭББ өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның мақсаты АИТВ-ның таралу проблемасына жұртшылықтың назарын аудару. Мамандар бүгінгі таңда біздің қалада вирустың таралуының жетекші жолы – қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы екенін атап өтті. Сауда үйіне келушілерге иммун тапшылығы вирусынан қалай қорғануға болатындығы туралы ақпараттық брошюралар таратылды. Келуші адамдар сауда үйінде АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті.
Жедел тест қандағы АИТВ-ға қарасы антидененің болуын анықтайды. Ол үшін он бес минут және бір тамшы қан жеткілікті. Тестілеу тегін жүргізіледі, бұл ретте анонимділік пен құпиялылық сақталады, - деп сендірді дәрігер эпидемиолог Жастлек.Г.М.