Семинар барысында, ең алдымен, медицина қызметкерлері Астана қаласы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайымен танысты. Преаналитикалық кезеңде "LIS" базасына деректерді енгізу кезіндегі кемшіліктері, АИТВ-ға тексеру кезінде пациенттердің код деректерін дұрыс енгізбеу, сондай-ақ МҰ-ға жүгінген кезде абулаториялық жағдайларда АИТВ-ға адамдарды жедел тестілеу әдісімен тексеруде 2022 жылғы 26 қаңтардағы ҚР ДСМ-6 бұйрығын толық орындамау қаралды. Сондай-ақ, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының базасында медициналық персоналды жедел тестілеу әдісіне үйрету бойынша ұсыныстар берілді.