Семинар барысында қатысушылар емдеу-профилактикалық қызметтердің негізгі топтарына – Достық кабинеттердегі байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ұсынуды талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың оң жақтары атап өтілді, сондай-ақ, АИТВ-ның таралуының алдын алу және халықтың негізгі топтарымен өзара іс-қимылда кемшіліктерді жою жөніндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы мәселелер талқыланды.