WhatsApp Image 2023 08 02 at 14.17.14

Кездесу барысында АИТВ орталығы директорының м.а. Асқаров Қанат Қырғызбайұлы сөз сөйледі. Ол қатысушыларға АИТВ орталығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің құжаттарындағы өзгерістер туралы айтып берді. Кенебаева Алмагүл Еркінқызы Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодексінің 676-бабы «Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі» және 154-бабы «Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай қызметті жүзеге асыруға тыйым салу белгіленген тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысуы» егжей-тегжейлі тоқталды. Қызметтің әртүрлі салаларында жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының көптеген мысалдары келтірілді. Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізу тақырыбы талқыланды. Сөз соңында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық, Каспий банкінің ақша аударымдары және т. б. тақырыбында сұрақтар қойылды. Семинар қорытындысында АИТВ орталығы директорының м.а. Қ.Қ.Асқаров ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкіліне мазмұнды сөз сөйлегені үшін алғысын білдіріп, қатысушыларды қырағы болуға, сыбайлас жемқорлық харатерінің кез келген әрекетінің жолын кесуге шақырды.