Акцияны ұйымдастырушылар АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары бойынша презентациялар жасап, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендетуге бағытталған интерактивті ойындар өткізді. Сондай-ақ сұрақ-жауап викторинасы ойнатылып, онда үздік жауаптар үшін естелік сыйлықтар табысталды.
Акцияға Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебі деканының орынбасары, профессор Шварц Валерий Валентинович, МУА студенттері, оқушылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар, оның ішінде АИТВ-мен өмір сүретін пациент қатысып, ол балаларға өзінің басынан өткен хикаясы туралы айтып берді.
Бұл акцияның мақсаты - жастардың АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыру, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыру.