Іс-шараға қатысушылар 2023 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін, 2024 жылға арналған ЖТМЖҚ грантын іске асыру жөніндегі негізгі міндеттерді, сондай-ақ халықтың негізгі топтары арасында алдын алу бағдарламаларының индикаторлары бойынша бірлескен өзара іс-қимыл шараларын талқылады.
«2024 жылға арналған КДП бойынша міндеттер. Проблемалық мәселелер және бірлескен өзара іс-қимыл шаралары» және «Халықтың негізгі топтары арасында 2023 жылдың қорытындысы бойынша АИТВ-мен сырқаттанушылық. Тестілеу орны бойынша анықтауды талдау» презентациялық жиналыста Алдын алу бөлімінің меңгерушісі У.Сәулебаев және АИТВ-инфекциясын қадағалау бөлімінің меңгерушісі І.Аймағамбетова сөз сөйледі. «Шаг в будущее» КҚ басшысыА.Турымова,«Жизнь вопреки» ҚҚ басшысы А. Мукушева, «Human Health Institute» ҚҚ басшысы А.Капасов «ИЕТ және СҚ арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша мемлекеттік, әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру қорытындысы бойынша», «Деректерді верификациялау. ЕЖЕ тобындағы жұмыс мысалындағы модель» тақырыбында баяндамаларын ұсынды.
Іс-шара соңында қатысушылар 2024 жылға арналған АИТВ мен ЖИТС бойынша профилактикалық іс-шараларды іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, сондай-ақ профилактикалық қызметтер көрсету барысында алынған деректерді верификациялау тетігін әзірледі.