Семинар барысында АИТВ орталығының мамандары эпидемиолог дәрігер А.И. Жаманова, дерматовенеролог дәрігер А. А. Бекмағанбетова аутрич-қызметкерлердің қызметінің 6 айдағы қорытындысы бойынша шолу жасап, 2024 жылға арналған БДП бойынша міндеттерді айтты. Қатысушылар халықтың негізгі топтар үшін Достық кабинеттерде қызмет көрсетуді, сондай, ақ байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша БДП бағдарламасында клиенттерді Достық кабинетке тарту мәселелері қаралды, сондай-ақ халықтың негізгі топтарымен өзара іс-қимылда кемшіліктерді жою мәселелері, алдын алу жұмыстың тиімділігі талқыланды.