Қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры А.Б. Цепке 2024 жылдың 8 айында Астана қаласы бойынша ТБ және ТБ/АИТВ эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндамасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардағы туберкулездің алдын алу мәселесі талқыланып, АИТВ/ТБ инфекциясы біріктірілген пациенттерді жүргізуге қатысты НҚА ұсынылды. АИТВ орталығының директоры К.К. Асқаров өз сөзінде Астана қаласы бойынша АИТВ-инфекциясы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасындағы туберкулез, АИТВ/ТБ біріктірілген инфекцияның алдын алу шаралары бойынша эпидемиологиялық жағдайдың үрдістерін атап өтті.
Келіссөз барысында Туберкулез тоқта кеңістігін ашу мақсатында Астана қаласы әкімдігінің деңгейіндегі адвокаттық кеңеске мәселелердің шешімін шығару ұсынылды. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға сапалы көмек көрсету бойынша туберкулезге қарсы, АИТВ қызметтерімен және МСАК-пен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жоспарлары тұжырымдалды.