Семинарлар 9-11 сыныптар арасында болашақ жастардың АИТВ-инфекциясының алдын алу ережелері мен жеке қорғану шаралары мәселелерінде хабардар болуын арттыру мақсатында өткізіледі. Спикерлер АИТВ-инфекциясы мінез-құлық ауруы екенін түсіндірді, бұл көбінесе қауіпті мінез-құлық факторларына байланысты, сондықтан қарапайым алдын алу шараларын сақтау инфекцияны болдырмауға көмектесетіні айтфп түсіндірді.
Сондай-ақ, семинарға қатысушылармен қауіпті жағдайлардан, күмәнді компаниялардан аулақ болу, есірткі заттарын сынап көру немесе өмір мен денсаулыққа қауіпті басқа да әрекеттер туралы ұсынысқа «жоқ» деп айта білу туралы айтылды. Іс – шарамен барлығы-5 мектеп, осы мектептердің 1290-нан астам жоғары сынып оқушылары қамтылды.