Кеңес Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-алдын алу жұмысы бөлімінің басшысы Ф. А. Төлешеваның, ҚР ДСМ ҚДИАҒО ЖТБЖҚ жобасын іске асыру тобының мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі менеджері К. А. Жетпісбаеваның, Ақтөбе және Қостанай облыстарының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандарының, «ДОВЕРИЯ»Қарағанды облыстық сенім «Қауымдастығы» ЗТБ «Үміт» ҚБ, «Наша жизнь» ҚҚ, «Пана 04» ҚҚ, «Путь здоровья 1», «Шаг будущее», «Жизнь вопреки»үкіметтік емес ұйымдарының басшыларының қатысуымен өтті.
Отырыста емдеу-алдын алу бөлімінің басшысы Ф.А.Тулешева, АИТВ орталығы директорының орынбасары С.Б. Абдраимов сөз сөйлеп, ДСМ ҚДИАҒО ЖТБЖҚ жобасын іске асыру тобының мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі менеджері К.А. Жетпісбаева «ҮЕҰ жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларды мемлекеттік қаржыландыру тетігі», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудағы кедергілерді жою», Алдын-алу бөлімінің меңгерушісі Ұ.Р.Сәулебаев «Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ҮЕҰ-мен ХНТ және АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен жұмыс бойынша өзара іс-қимылы» презентацияларды таныстырды.
«ЕЖЕ, ИЕТ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудағы проблемалық мәселелерді, шешу жолдары мен жетістіктерін және Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың басқа да аспектілерін А.Мукушева, «Жизнь вопреки» ҚҚ, А. Турымова, «Шаг будущее» ҚҚ, А. Капасов «Human Health Institute» басшыларысөз сөйледі.
Кеңеске қатысушылар № 1 және Брусиловский көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан № 2 достық кабинетінде болып, бір терезе қағидаты бойынша қызметтер көрсету жұмысымен, ЖЖБИ-ды диагностикалау және емдеу бойынша қызметтерге қол жеткізудің тізбесімен, тәртібімен, сондай-ақ жанасуға дейінгі профилактика бағдарламасымен танысты.