№6 қалалық емхананың директоры Д. Байсеркина қонақтарды емхана қызметінің құрылымымен таныстырып, АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша консультациялық көмектің мінез-құлық қауіп факторын ескере отырып 10 жастан 29 жасқа дейінгі жастарға консультациялық көмек көрсету бойынша «Жас Талап» жастар денсаулық орталығының жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды төмендету, репродуктивті денсаулықты қорғау, заңдық, психоәлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ АООО, ЖОО студенттері арасында АИТВ-ға жедел тестілеу жұмыстарының жүргізеді.
Директордың орынбасары А. Айтжанова Қалалық психикалық денсаулық орталығының жұмысына тоқталып өтті. Дәрігер-консультанттар есірткіге, алкогольге тәуелділік мәселелері бойынша профилактикалық тренингтер өткізеді. Психологтар емделуге бейімділікті қалыптастыру мақсатында пациенттермен әңгімелеседі, қалпына келтіру, оңалту және қоғамға бейімделу процесінде психологиялық қолдау көрсетеді. Жұмыста опиоидты алмастыру терапиясына (ОАТ) арналған препараттардың дәрілік түрлері, мемлекеттік қаражат есебінен пациенттерді емдеуге арналған дәрілік препараттармен қамтамасыз ету қолданылады. Қала тұрғындары арасында жаңа психоактивті заттарды қолданудың таралуын азайту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Қалалық перинаталдық орталықтың директоры С. Аманбекова қонақтарды қарсы алып, орталықтың жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті. Перинаталдық орталық В20 коды бойынша әйелдерге медициналық көмек көрсету мен босануды жүзеге асырады және АИТВ-позитивті жүкті әйелдерді антиретровирустық терапиямен қамтамасыз етеді. АИТВ-позитивті аналардан туған балаларды АИТВ-ға тексеру алгоритмі бойынша жұмыс істейді. АИТВ-позитивті аналардан туған балаларда профилактикалық антиретровирустық терапия жүргізіледі және әйел балаға жасанды тамақтандыруды таңдаған кезде АИТВ-позитивті босанған әйелдерге лактацияны дәрі-дәрмекпен басуды қамтамасыз етеді.
Қонақтардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.