Семинардың мақсаты - медицина жұмыскерлерінің арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері және эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша білімдерін арттыру.
Семинар-кеңес барысында медицина жұмыскерлеріне Астана қаласындағы эпидемиологиялық жағдай, тергеу-қамауға алынғандар мен сотталғандар арасында АИТВ-инфекциясының болуына эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша уақтылы тексеру жүргізу туралы туралы ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ семинарға қатысушылармен АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері: медициналық манипуляцияларды жүргізу кезіндегі сақтық шаралары, АИТВ-ға қан алудың аналитикалық кезеңіндегі іс-қимыл алгоритмдері талқыланды және бойында АИТВ инфекциясы анықталған тұлғаларды клиникалық көрсеткіштер, синдромдар мен белгілері бойынша қарау мәселесі де қаралды.