Пенитенциарлық жүйеде 2024 жылы жағдай тұрақты, АИТВ-ның таралуы 1,5% - құрайды. Қатысушылар жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады. Барлық адамдарға тестілік психоәлеуметтік консультация беруден бұрын және кейін белгіленген мерзімде АИТВ-инфекциясының бар - жоғын тексеруді бақылауды күшейту, сондай-ақ арнайы контингент үшін радиолекциялар санын көбейту туралы шешім қабылданды.

     Іс-шараға қатысушылар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу және бұл құбылыстардың АИТВ жағдайына қалай теріс әсер ететіні туралы ақпарат алды.

     Семинарда ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар, парақшалар) таратылды.

WhatsApp Image 2025 02 27 at 15.13.14

WhatsApp Image 2025 02 27 at 15.13.32