Кездесу барысында полиция қызметкерлері АИТВ-ның жұқтыру жолдары, алдын алудың заманауи әдістері, ерте диагностиканың маңыздылығы және антиретровирустық терапияның мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат алды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дәрісті эпидемиолог дәрігер Гульмира Ерболқызы Каратаева жүргізіп, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері арасында АИТВ-ға қатысты хабардарлығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және халық арасында сенімді ақпаратты таратуға бағытталған. Дәріспен 150 адам қамтылды.

85f4d4e5 10b4 46fb 98e5 0c634ee9f836

IMG 7580 1