Халықаралық мейіргерлер күніне дайындық аясында орта буын мамандары арасында «Өз мамандығының үздігі» байқауы өтті, оған Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мейіргері А.Б. Шакирова қатысты. Аталмыш конкурсқа қатысушылардың құрметіне елорда көшелерінде әріптестеріміздің суреттері салынған билбордтар орналастырылды. Акцияның бастамашылары мейіргерлерге жанқиярлығы мен кәсібилігі, мамандыққа берілгендігі және азаматтардың денсаулығын қорғауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Айгүл Бекенқызының жалпы еңбек өтілі 30 жыл, оның ішінде ЖИТС қызметінде ‒ 25 жыл. Жоғары білікті «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалавры. Инфекционист-дәрігердің басшылығымен АИТВ-инфекциясын жұқтырған пациенттерге мейіргерлік күтім мен динамикалық бақылауды жүзеге асырады, антиретровирустық препараттарды қабылдау мен емдеудің тиімділігіне мониторинг жүргізеді.
А.Б. Шакированың айтуынша «Мейіргер мамандығы ‒ асыл мамандықтардың бірі болғандықтан, мамандық таңдауды ол саналы түрде жасаған. «Мен өз жұмысымды жақсы көремін, біздің жұмысымызда білім мен тәжірибе ғана емес, адамның жылуы, пациентке деген қамқорлығы мен назары маңызды, осылар бізді адамдарға жақындатып, олардың денсаулығын сақтауға көмектеседі», ‒ деді ол.