Бұл іс-шара репродуктивті денсаулық, жұқпалы аурулардың алдын алу, отбасын жоспарлау, жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша халықты хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.
Дәрігер эпидемиолог оқушыларға АИТВ-ның берілу жолдары, ауруға байланысты мифтер және алдын алудың заманауи әдістері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жеке жауапкершілік, қауіпсіз мінез-құлық және тұрақты медициналық тексерудің маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасындағы аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Репродуктивті және жыныстық денсаулық туралы білім неғұрлым ерте басталса, сау және саналы ұрпақты қалыптастыру мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Оқушылар тақырыпқа қызығушылық танытты, талқылауға белсенді қатыса отырып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Мұндай диалог жасөспірімдерде өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді және әлеуметтік маңызды аурулар туралы хабардарлық деңгейін арттырады. Дәріс соңында барлығына ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.