Бұл акция АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жастардың назарын аударуға және ақпараттандыруға, АИТВ-ға тестілеуден өтуге ынталандыруға, репродуктивті денсаулықты қорғау, отбасын жоспарлау, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу мәселелері бойынша сұрақтарғабағытталған.«Халықаралық еске алу күні – бұл АИТВ-инфекциясының одан әрі таралуына тиімді қарсы тұруға дайындығы мен ниетін көрсетудің тағы бір мүмкіндігі, бұл стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы еске салу, нақты тәуекелді көрсету мен оны қалай болдырмауға және АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының алдын алуға болатынын түсіндіру мүмкіндігі», - деді АИТВ орталығының эпидемиологы Жанна Бекетова акцияда сөйлеген сөзінде.

Акция барысында сауда ойын-сауық орталығына келушілерге АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтуге және қысқа уақыт ішінде АИТВ-ның мәртебесін білуге, АИТВ-инфекциясы бойынша кеңестер мен брошюралар алуға мүмкіндік берілді. Жедел тестілеуден өтуге шақыра отырып, мамандар АИТВ-ға тест уақтылы диагностикалау және емдеудің қолжетімділігін кеңейту үшін маңызды екенін атап өтті. Сонымен бірге, тұрғындарғақан қысымын өлшеу менқандағы глюкоза, холестерин көрсеткішін анықтау ұсынылды.

Қамтылған - 200 адам, тексерілген - 48 адам.

WhatsApp Image 2025 05 16 at 15.50.10 1

 WhatsApp Image 2025 05 16 at 15.50.09