Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары осы халықаралық күнді қолдау мақсатында 2025 жылғы 18 мамырда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне акция өткізді. АИТВ орталығы мамандарының айтуынша, мұндай ақпараттық науқандар халықтың хабардар болу деңгейін арттыруға ықпал етеді, елордада тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтауға, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты қоғамдағы стигма мен кемсітушілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні мен осы инфекция өмірін қиған адамдарды еске алып қана қоймай, қоғамның назарын АИТВ-ның таралу мәселелеріне аудару қажет. Заманауи антиретровирустық терапияның арқасында біз вирусты бақылауды және пациенттеріміздің өмір сүру сапасын жақсартуды үйрендік. «Бұл АИТВ мен ЖЖБИ-нің алдын алуға ғана емес, жалпы жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға да қатысты, сондықтан мен сіздерді өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарауға, уақтылы тексеруге және қажетті ем алуға шақырамын», - деп атап өтті эпидемиолог дәрігер А.А. Идрисова.
Студенттер викторинаға белсенді қатысып, онда дұрыс және қызықты жауаптар үшін ұйымдастырушылардан сыйлықтар (рюкзактар, құлаққаптар, доптар, теннис ракеткалары және т.б.) табысталды.
Айта кету керек, АИТВ-инфекциясының және оппортунистік аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің тиімді құралдарына қол жетімділіктің кеңеюінің арқасында, күтім және қолдау бағдарламаларын енгізу нәтижесінде АИТВ-инфекциясы терапияға жарамды, созылмалы аурулар санатына өтті, АИТВ-мен өмір сүру ұзақтығы артты. Мұның көрінісі-ЖИТС-пен байланысты аурулардың салдарынан қайтыс болған адамдардың саны 2010 жылғы көрсеткішке қатысты 51% - ға төмендеді және өлімнің негізгі себептерінің тізімінде ауру 8-ші позициядан 21-орынға көшті.
Сондай-ақ, Астана қаласында АИТВ-инфекциясын уақтылы және ерте анықтау мен емдеу, сондай-ақ аурудың таралу қарқынын төмендету үшін бірқатар емдеу-алдын алу шаралары қабылдануда. Иммундық жүйенің жай-күйін уақтылы бақылауға және қосымша инфекциялардың дамуын болдырмауға мүмкіндік беретін АИТВ-инфекциясын ерте анықтау мақсатында халықтың АИТВ-ға тестілеуге кең қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Мәселен, 2025 жылдың 4 айында АИТВ-инфекциясын анықтауға 160 мыңнан астам адам тексерілді, халықты тестілеумен қамту 12% құрады.
Акция барысында қатысушыларға АИТВ – ға жедел тестілеуден өту ұсынылды. 57 адам - қамтылды, АИТВ-ға 25 адам - тексерілді.