Іс—шараның негізгі мақсаты - әскери қызметшілердің АИТВ берілу тәсілдері, алдын алу шаралары, жұқтыру қаупі, қорғау әдістері және АИТВ-ны уақтылы анықтаудың маңыздылығы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру. Сонымен қатар, қауіпсіз мінез-құлқы сұрақтары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың кемсітушілігі және стигмаға жол бермеу мәселелері көтерілді,

     АИТВ жұқтырған адамдармен байланысты стереотиптер мен стигмаларды жоюға ерекше назар аударылды. «Әрбір адамның құрметке, қолдауға және медициналық көмекке құқығы бар екенін есте ұстаған жөн», — деп атап өтті маман.

   Дәріс үлкен қызығушылық тудырды, соңында сұрақ-жауаптар айтылды. Мұндай іс-шаралар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және қоғамдағы АИТВ-инфекциясы бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыруға ықпал етеді.

 WhatsApp Image 2025 07 04 at 16.44.34 1

 

WhatsApp Image 2025 07 04 at 16.44.34