Семинарға № 4, 5, 6 және 7 қалалық емханалардың дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері қатысты. Емдеу-профилактикалық көмек бөлімінің инфекционист дәрігерлері М. К. Абдумананова, М. А. Шолпанкулова жоғарыда аталған тақырыптар бойынша баяндама жасады.
Жол картасына сәйкес барлық мамандықтағы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін, оның ішінде пенитенциарлық мекемелерді біліктілікті арттыру циклдарында және бейресми білім беру шеңберінде оқыту көзделгенін атап өту қажет. Қатысушыларға электронды сертификаттар табысталды.