Кездесудің басты мақсаты жасөспірімдерді тәрбиелеу мен дамытудың, олардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайтудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ өз қауіпсіздігі мен болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болды.
Дөңгелек үстел барысында келесі тақырыптар қарастырылды:
- жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
- денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
- нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегудің алдын алу;
- АИТВ-инфекциясының және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу;
- Балаларды бірге тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің рөлі.
Сөз сөйлеген сарапшылар жасөспірімдерді тәрбиелеудің, құқық бұзушылықтар және нашақорлықтың алдын алудың негізгі факторы - мектеп пен ата-ана арасындағы ашық диалог екенін атап өтті. Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К.К.Аскаров қатысушыларға жоғары сынып оқушыларымен ақпараттық жұмыс жүргізудің маңыздылығы туралы айтып, оқушылармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар мектеп пен отбасы арасындағы әріптестікті нығайту жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта құруға ықпал етеді деген қорытындыға келді. Ата-аналар мектеп жобалары мен тәрбие бастамаларына белсенді қатысуға дайын екендіктерін айтып, мұғалімдер мұндай кездесулерді тұрақты түрде жалғастыру ниетін білдірді.