Іс-шараның мақсаты – өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу.                     Дәріс барысында жастар арасында репродуктивті жүйе ауруларының, АИТВ-инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін аурулардың (ЖЖБА) алдын алу мәселелері талқыланды. Эпидемиолог дәрігер Г.Е. Қаратаева АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, қорғану тәсілдері және тұрақты медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және қауіпсіз өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. 

   Іс-шаралармен барлығы 200 оқушы қамтылды.

 WhatsApp Image 2025 10 29 at 11.02.02 1

WhatsApp Image 2025 10 29 at 11.02.02 2