Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында және халықтың АИТВ және алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының маманы Ж.К. Бекетова Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына дәріс өткізді.
Іс-шара барысында тыңдаушылар АИТВ-инфекциясының ерекшеліктері туралы білді, АИТВ атауының этимологиясын, вирустың басқалардан айырмашылығы, оның берілу жолдары мен инфекциядан қорғау жолдарын талқылады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу тақырыбына ерекше назар аударылды. Мұндай іс-шаралар ауру туралы хабардарлықты арттырып қана қоймайды, сонымен қатар жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.










