Қатысушыларға АИТВ-ның алдын алу және емдеу бойынша өзекті ақпарат ұсынылды, оның ішінде байланысқа дейінгі және кейінгі профилактика сұрақтары қарастырылды. Сонымен қатар психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар, кең таралған психобелсенді заттар және хемсексқа байланысты тәуекелдер талқыланды. 

   Тренингтің бір бөлімінде клиенттердің қауіпсіз мінез-құлыққа деген ішкі мотивациясын арттыруға көмектесетін тиімді кеңес беру әдісі — мотивациялық сұхбат жүргізуге арналды.

    Тренинг белсенді өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Оқытуды тренер Валентина Манкиева жүргізді.

 WhatsApp Image 2025 11 17 at 15.56.29