Іс-шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы «Жас толкын» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп жастармен кездесу өткізді. 100 ден астам студенттер вирустың таралу жолдары, қазіргі заманғы қорғау және тестілеу әдістері туралы өзекті ақпарат алды.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке байланысты мәселелер қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Дәрігер-эпидемиолог А. Идрисова әр адам қолдауды сезіне алатын салауатты қоғамның негізі ол толеранттылық, хабардарлық және бір-біріне деген құрмет екенін атап өтті. Сондай-ақ жастар арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы және денсаулық туралы ашық диалогтың қажеттілігі талқыланды.
Акция аясында барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өте алды, сондай-ақ ақпараттық-білім беру материалдарын алды. Барлығы 29 студенттер тексерілді.








