Семинар барысында қатысушыларға АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, оның ішінде жұқпаны анықтау, сырқаттанушылық құрылымы және негізгі үрдістер бойынша өзекті деректер ұсынылды. Бұл мамандарға АИТВ-ның таралу динамикасын жақсы түсінуге және профилактикалық жұмыстың басым бағыттарын бағдарлауға мүмкіндік берді.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында АИТВинфекциясының алдын алу орталығы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелеріне назар аударды. Тыңдаушыларға стигманы төмендетудің заманауи тәсілдері, этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығы, құпиялылық, дұрыс кеңес беру және әр пациентке тең көзқарас туралы еске салынды.
Іс-шара медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға, кемсітушілікке жол бермеу саласында кәсіби дағдыларды қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.
Сонымен бірге, медицина қызметкері мен пациент арасындағы сенімді қарым-қатынасқа назар аударылды, бұл 2025 жылғы кампанияның «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан-тиімді өзгерістерге» толық сәйкес келеді.









