Ашық диалог форматында қатысушылар салауатты өмір салтының артықшылықтары, АИТВ жұқтыру жолдары және уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы маңызды ақпарат алды. Мамандар студенттердің сұрақтарына жауап берді, кең таралған мифтерді жоққа шығарды және ресми медициналық дереккөздерге деген сенім қажеттілігін атап өтті.
Жастардың салмақты шешімдер қабылдауға, жеке қауіпсіздігін сақтауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Студенттер мұндай кездесулер ой-өрісті кеңейтуге, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға және денсаулық сақтау мәселелеріне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Іс-шара интерактивті шағын сауалнамамен аяқталды, оның барысында қатысушылар алған білімдерін бекітіп, оларды құрдастарымен бөлісуге дайын екендіктерін білдіріп, хабардарлық пен денсалыққа қамқорлықты қалыптастыру мәдениетін қолдады.








