Дәріс барысында мамандар жоғары сынып оқушыларына АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алудың заманауи шаралары және ерте тестілеудің маңызы туралы айтып берді. Жауапты мінез-құлықтың рөліне және өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Негізгі бөлімнен кейін ашық диалог өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды. Дәріс жасөспірімдердің хабардарлық деңгейін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық - білім беру материалдары-брошюралар мен парақшалар табыс етілді.








