Пікірсайысқа екі команда -«Медициналық-профилактикалық іс» факультетінің 1-ші және 2-ші курс студенттері қатысты. Жеребе бойынша командалар арасында «қарсы» және «қолдау» позициялар анықталды.

   Медицина студенттері «АИТВ тақырыбы қоғам үшін неге маңызды?», «Неліктен адамдардың жеке өмірге құқығы болуы маңызды?», «Стигманы азайтуға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдауға не көмектеседі?», «Адам әрқашан серіктесіне өзінің АИТВ жағдайы туралы хабарлауы керек пе?» тақырыптарын талқылады.

  Іс-шара барысында студенттер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және құпия түрде өтіп, ақпараттық-білім беру материалдарын ала алды. Барлығы 35 студент тексерілді.

   Қорытындылай келе, АИТВинфекциясының алдын алу орталығының мамандары, ҒЗИ директорының орынбасары Ж. К. Бөкеева, академик Е. Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ аға ғылыми қызметкері О. М. Қожамқұлов құрамында қазылар алқасы қатысушыларға белсенділігі, пікірлері мен көзқарастары үшін алғыс айтып, студенттердің жоғары білім деңгейін атап өтіп, жүлделі орындарды табыстады.

  WhatsApp Image 2025 11 27 at 17.25.11 1